Жаңа кодекстің жаңалығы көп

Өңірлік коммуникациялар қызметінде мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Қабдоллақызы Ақпанова жаңадан қабылданған Әкімшілік процессуалдық іс-шаралар кодексіндегі жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша айтып берді.

2020 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев қол қойған Әкімшілік процессуалдық іс-шаралар кодексі биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін болады. Бұндай кодекстің қабылдануы құқықтық демократиялық даму жолына түскен еліміз үшін аса маңызды болып отыр. Осыған орай, жаңа институт – Әкімшілік әділет органы құрылды. Ол ашық өткізілетін даулы істерді реттейді. Атап өту керек, мұндай органдар әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Әзірбайжан, Украина, Балтық жағалауы елдері мен Өзбекстан, Грузия сияқты ТМД мемлекеттерінде бар.
Жаңа кодекстің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қайта қалпына келтіру бойынша ашық дауларды реттеу болып табылады. Кодекс әкімшілік орган, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет сияқты жаңа категорияларды енгізуге мүмкіндік береді. Әкімшілік орган – бұл мемелкеттік басқару саласындағы құзыреті бар ұйымдар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Жаңа әкімшілік кодексі 2 бөлімнен 4 тараудан тұрады.
Жаңа кодекс сот жұмысына да біршама жаңалықтар әкеліп, адам құқықтарын қорғау қызметіндегі мүмкіндіктерін кеңейте түспек. Оның ішінде атқарушы органдарға қатысты шешімдер шығару арқылы шағымданған азаматтардың құқықтарын қорғаудағы мүмкіндіғктер кеңейтілмек. Сондай-ақ, азаматтардың мүддесіне сай келетін құқықтық шешімдерді өзгерту тәртібі енгізілген.
Шара соңында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы жаңа кодекске қатысты журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар