Жемқорлықпен күреске арналған келелі әңгіме

Көкшетаудағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасында «Парасат жолы» орталығында республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгелдің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері жайлы дөңгелек үстел басында келелі пікір алмасу болып өтті. Бұл шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Ақтанұлы Төлеубаев қатысты.

Шараны облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин кіріспе сөзбен ашып, қазір Ақмола облысындағы 336 кітапхананың бәрінде «Парасат жолы» орталықтары ашылып, жұмыс істей бастағандығын айтты. Осы орталықтың жұмыстарына өңірге белгілі
зиялы қауым өкілдері қолдау білдіріп отыр. Ең әуелі қоғамда жемқорлыққа деген төзімсіз жағдай қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетті.
Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел өз сөзінде қоғамды алаңдатып отырған кеселге қарсы тұру, қалың халықпен бірлесіп күресудің маңыздылын атап көрсетті. Саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы біз өзіміздің келешегімізді жемқорлық сияқты ауыр дерттің зардабынан құтқара аламыз. Бұл орайда, Агенттіктің басшысы Алик Шпекбаевтың тың бастамалары қазір кеңінен қолдау тауып отыр. Жемқорлықты жеңе аламыз деген қоғамда сенім қалыптасып, ол күн сайын нығайып келеді.
Осы жиында сөз алған республикалық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі
Жабал Ерғалиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру жайында айтқан ойын да басшылыққа алу керектігін алға тартты. Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, ақын Қайырбай Төреғожа, еңбек ардагері Құмарғали Досов өз ойларын ортаға салып, келелі пікірлерімен бөлісті. Мысалы Шияп Әлиев мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсарту арқылы олардың жауапкершіліктерін көтеруді қозғады. Ақын Қайырбай Төреғожа жемқорлыққа қарсы күрестегі баспасөздің өте қуатты құрал көзі екендігін атап көрсетті.
Жиынның соңында Сәдібек Түгел «Парасат жолының» Ақмола облысында сәтті басталғандығын атап көрсетті. Алдағы уақытта да күрес босаңсымайтындығын, бұл маңызды шараға көпшілікті тарту жұмыстары жандана түсетіндігін атап айтты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар