«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»
2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез-келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.
Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ жауап алу мүмкіндігі болады.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10:00-де, 12:00-де және 15:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек bit.ly/enpf-akm содан кейін event-мәжіліс нөмірін 184 410 5507 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1234
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы
іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын
«Ашық есік күнінде» күтеді!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар