Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балмұздақтың жаңа түрі тіл үйіреді - АРҚА АЖАРЫ

Балмұздақтың жаңа түрі тіл үйіреді

Көкшетау сүт зауытында балмұздақтың жаңа түрі шығарыла бастады. Өнімді сапалы, дәмді, өтімді етіп өндіру жолында тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Өз ісінің шеберлері жылдар бойы сапасы өзгермеген балмұздақ әзірлеудің жаңа түріне сұраныстың жоғары болатынына сенеді.

Балмұздақтың жаңа түрін шығару үшін Чехия мен Италиядан қазіргі заманғы қондырғылар жеткізілген. Сәйкесінше, соған қарай жұмыс өнімділігі артып келеді. Мұнда тәулігіне 14 мыңға жуық түрлі балмұздақ дайындалады.
– 8 наурыздан бастап біз «Эскимо» балмұздағын шығара бастадық. Бізде оның түр-түрі жасалады. Қазір шоколадпен қапталған балмұздақ жасап жатырмыз. Алдағы уақытта жаңғақ қосылған шоколадтағы, сондай-ақ, кілегейлі шоколадтағы, таяқшадағы крем-брюле сияқты тағы да басқа түрлерін дайындау жоспарда бар,– дейді балмұздақ жасау цехының еңбеккері Валентина Войцеховская (суретте). Балмұздақтың сапалы болуы алдымен сүтке байланысты. Қабылданған сүт органикалық, физикалық, химиялық көрсеткіштер бойынша тексеріледі. Одан соң технологиялық өңдеуге жіберіледі. Тазартылып, қалыпқа келтіріледі.
– Біз балмұздақ технологиясына ғана емес, сонымен қатар оны дайындаудағы санитарлық талаптарға да аса мән береміз. Өйткені, тұтынушылардың сенімінен шығу үшін жұмыс істейміз,–дейді зертхана меңгерушісі Зарина Жақсылықова. Зауыттың табиғи өнімдері мен дәстүрге адалдығын тұтынушылар жоғары бағалайды. Бүкіл елге тарайтын кілегейлі пломбир, шоколадты балмұздақ дүкенде ұзақ тұрған емес. Зауытта сүт өнімдерінің 30-дан астам түрі шығарылады.
Жансұлу ЖИЕНҚҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар