Вакциналар басқа елдерден де сатып алынады

Қазақстан «Sputnik V» өндіру технологиясын бірінші алғандығын мәлімдеген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «аталған вакцинаны дайындау әдісін ең алғаш Беларусь Республикасы алды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Келесі айдан бастап Қарағанды зауытында 600 мың осындай екпе шығарылады.
– Екпе өндіру технологиясын біз былтыр желтоқсан айында алдық. Біз ноу-хау өндірушіден субстанция алып, оны жетілдіреміз. Бұл үлкен процедура. Ал, сәуір айында қазақстандық вакцина шығара бастаймыз. Сондай-ақ, қазақстандықтарда екпе бойынша кең таңдау болады, – деген Алексей Цой, қазіргі таңда шамамен 59 мың азамат екпе алғанын да жеткізді. Бұл қарқын тек үдей түспек. Індет жұқтыру қаупі жоғары мамандарды вакциналау күзге дейін жалғасады. Сондай-ақ, әлемдік өндірушілерден де препараттар сатып алу жоспарлануда.
Министрдің айтуынша, вакцина шығарушы әлемдік бренд өкілдерімен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде «Модерна», «Пфайзер», «АстраЗенека» және «Джонсон әнд Джонсон» компаниялары бар. Жуырда жеткізілім көлемі мен мерзімі нақтыланатын болады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар