Есілдіктер баспаналы болды

Есіл қаласында көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар мен мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, пәтер кезегінде тұрған тұрғындар жаңа тұрғын үйден пәтерлі болды.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Саматов қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады. Баспаналы болғандардың бірі –көпбалалы ана Гүлмира Ғабдулинова. Ол осы сәтті асыға күтіп, енді қоныс тойын тойлауға дайындалуда.

– Қуанышымызда шек жоқ. Жиһаз бен тұрмыстық техниканы әкелу қалды. Кең дәліз, үлкен жарық бөлмелер. Бұл жерде маған да, күйеуіме де, барлық төрт балаға да орын жетеді, – деп қуанышымен бөлісті баспана иесі Гүлмира Ғабдулинова.

Бүгінге таңда аудан бойынша 521 адам пәтер кезегінде тұр.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар