Наурыз батам, қабыл бол!

Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Бұл Ұлыстың ұлы күні болып саналатын ерекше мейрам. Дәстүр бойынша жылдың басы ғана емес, сонымен бірге, жануарлардың, табиғат пен барлық тіршілік атаулының қыс ұйқысынан оянуының басы болып саналады. Тоқсаннан асқан жасымда баршаңызды осы Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, Наурызға арналған батамды берейін:

Наурызға арнап жайылған,
Дастарқандарыңыздан дәм кетпесін,
Көңілдеріңізден сән кетпесін.
Ұрпақ-ұлыстарыңыз аман болып,
Өмірлеріңізден мән кетпесін.
Елімнің абыройы өсе берсін,
Халқым жақсылыққа жете берсін.
Әрқашан тыныштық заман болып,
Ырыс-берекемізді еселесін.
Жарылқа Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Қыдыр келіп, бақ қонып,
Барлықтарыңызға серік болсын,
Ізет, абырой, бақ, дәулет!
Әумин!
Айтмағанбет Дауылбайұлы,
тыл және еңбек ардагері,
«Құрмет» орденінің иегері,
Айыртау ауданының білім саласының
құрметті азаматы.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар