Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі қаралды

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір 2021 жылдың екі айындағы облыс соттарының жұмысының қорытындылары бойынша кеңесте және орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз-конференциясында Азаматтық процестік, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің сот ісін жүргізу тілі туралы нормаларын дұрыс қолдану мәселелерін талқылады.

Досжан Әмір іс қарауда және іс жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы жөнінде соттар жұмысының көрсеткіштерін талқылады. 2021 жылдың 2 айында облыс соттарымен 5 960 іс пен материалдар қаралды, оның ішінде мемлекеттік тілде 766 іс пен материал, бұл 12,9 пайызды құрайды. Мемлекеттік тілде қаралған істердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті. 2020 жылы пайыздық көрсеткіш 8,8 па-йызды құраған.
Бұдан бөлек, облыс соттарында ағымдағы жылдың екі айында 133 іс бойынша сот ісін жүргізу тілі орыс тілінен мемлекеттік тілге ауыстырылды.
Облыстық соттың төрағасы сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануды дамытуға кедергі жасайтын себептерін айқындап, судьяларға тілді қолдану қағидатын қатаң сақтап, жыл аяғына дейін көрсеткішті 30 пайызға дейін көтеруді тапсырды.
Күләш Домалақова,
Ақмола облыстық сотының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар