Озық технологиямен жабдықталған

Көкшетаудағы «Енки» керамикалық кірпіш зауыты 2010 жылы іске қосылған болатын. Бүгінде зауыт жылына 60 миллион данаға жуық 40 түрлі кірпіш шығаруда. Өндіріс Испанияның озық технологиясымен жабдықталған.

Жыл өткен сайын кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Мұндағы мамандар жаңа технологиямен жұмыс істеп, бір тәулікте 180 мың дана кірпіш шығарады. Күндізгі ауысымда жұмыс істейтін 16 адам өздерінің кәсіби шеберліктерін одан әрі жетілдіре түсуде. Солардың бірі кірпіш сұрыптаушы ретінде еңбек жолын бастаған Айбек Зұқишев. Ол бүгінгі күні ауысым шебері болып абройлы еңбек етуде.
Өзінен үлкен аға әріптестерінен алған кәсіби тәжірибесін кәсіпорынға жаңадан келіп жатқан жас мамандармен бөлісіп, олардың біліктілігін ұштауға ықпал етіп жүрген. Айбек ұжым арасында үлкен беделге ие.
Суретте: Айбек Зұқишев және кәсіпорнының пеш операторы Рүстем Сүлейменов жұмыс кезінде.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар