Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп балалы ана ауылда шаштараз ашты - АРҚА АЖАРЫ

Көп балалы ана ауылда шаштараз ашты

Жақсы ауданының Запорожье ауылында тұратын көп балалы ана Ольга Бутенко жиырма жылдан бері шаштаразшы болып жұмыс істейді. Бұл кәсіпті ол бала тәрбиесіне байланысты демалыста отырған кезінде меңгерген.

Ольганың негізгі мамандығы логопед-психолог-дефектолог. Бұл мамандықты меңгергендер де некен-саяқ. Қалай дегенмен де, төрт баланы бағып-қағу, тәрбиелеу, сонымен қатар, мектептегі жұмысты бірге алып жүру оңай-оспақ шаруа емес. Сол себепті, Ольга үйде отырып, кәсіп меңгеруді жөн санаған. Жекеменшік шаштараз ашсам деген арманы көптен бері көкейде жүретін. Жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды естіп-біліп, өз бағын сынап көрген болатын. Нәтижесінде өткен жылы «Бастау» жобасына қатысып, грант ұтып алды. Өз ісін жетік меңгерген Ольга Владимировна бизнес жоба жасау қиындық тудырмағанын баса айтады.
–Бұл идеяны көптен бері жүзеге асырсам деп жоспарлап жүрген едім. Қаражат жағы тапшы болатын. Осы орайда, мемлекеттің кәсібін ашамын дегендерге қолдау көрсетіліп жатқандығына дән ризамын. «Бастау» жобасы мен сияқты талай жанның арманына жол ашты. Алға қойған мақсаттарым мен жоспарларым көп. Бәрі де балалардың болашағы үшін ғой. Алдағы уақытта шағын шаштаразымды сұлулық салонына айналдырып, кәсібімді дамытсам деймін. Ол ойым әрине, уақыттың еншісінде, – дейді Ольга Бутенко.
Қазіргі таңда ол ауылдағы сауда үйінен бір кабинетті жалға алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанында осы кәсіпке өзі баулып, үйреткен шәкірті бірге жұмыс істейді.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретте: кәсіпкер Ольга Бутенко жұмыс кезінде.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар