Халық поэзиясының алыбы

ХХ ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында «Даналықтың дара шыңы» атты оқырмандар конференциясы болып өтті.

Бұл халық поэзиясының атасы атанған Жамбылдың даңғыл жыраулығы, ұлы айтыскерлік мұрасы, күйшілік, жыршылық өнері, ғажап әңгімешілдігі, шежірешілдігі мен ақын жырларының шеберлігі жайында сөз қозғап, шығармашылығын насихаттап, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара.  Шараға кітапхана оқырмандары, қызметкерлері, студент-жастар қатысты.
Конференция барысында қатысушылар назарына «Даналықтың дара шыңы» атты шағын бейнебаян ұсынылды. Оқырмандар «20 ғасырдың ұлы жырауы – Жамбыл Жабаев» атты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Гүлдәурен Байзаубайқызы, Айгүл Мейрамова баяндама жасады. Одан әрі Краснояр орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Нұрсәуле Бек, Карина Гиреева және Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің студенттері Марат Сәрсембаев, Санжар Қаратай, Манас Қаржас «Ленинградтық өренім», «Алғыс», «Қызыл жұлдызға құттықтау» өлеңдерін жатқа оқыды.
Конференцияға қатысушылар осы тақырыпта өз ой-пікірлерін білдіріп, Жамбыл шығармашылығын оқығанда алған әсерлерімен бөлісті.
Дильяра ӘБІЛЖАНОВА,
Краснояр қалалық
кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар