Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы ақпанда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 101,3 пайыз құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 101,1 пайыз, республикалық мағынада сәйкесінше — 101,3 пайыз және 101,3 пайыз құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,6 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,7 пайызға, азық-түлік тауарлары – 1,8 пайызға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,0 пайыз құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,1 пайыз-ға азайып, 92,3 миллиард. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері — 34,7 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері — 57,6 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың ақпан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 418,75 теңгені, еуроға – 506,53 теңгені, ресей рубліне – 5,63 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысында 68 айырбастау пункті, оның ішінде: 56 – банк филиалдарының, 11 уәкілетті ұйымның 12 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы ақпан айында облыстағы айырбастау пункттері 6,1 миллион АҚШ долларын, 1,1 миллион еуро және 331,6 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы ақпан айында – 4,5 миллион АҚШ доллары, 1,0 миллион еуро және 608,1 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 210,3 миллиард. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,6 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,9 пайызға азайды.
Депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен салынған депозиттердің үлесі 79,9 пайыз құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,56 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,76 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бо-йынша 286,0 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 245,6 миллиард. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,9 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 1,6 пайызға өсті (2021 жылғы 1 ақпанға – 241,8 миллиард. теңге).
2021 жылғы ақпан айында облыс банктерімен сомасы 19,6 миллиард. теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 36,1 пайызға өсті.
2021 жылғы ақпан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,5 пайызды құрады.
2021 жылғы ақпанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 88,4 пайыз құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 89,4 миллиард. теңгені құрады. 2021 жылғы ақпан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2021 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 15,2 пайыз өсіп, 6 971,8 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 57,1 миллиард. теңгені құрады. 2021 жылғы ақпан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 896,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 1,2 пайыз немесе 32,9 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 наурызға 42,1 миллиард. теңгені құрады. 2021 жылғы ақпан айында сомасы 2 609,7 миллион теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 73,4 пайыз өсті (2021 жылғы қаңтарда – 1 504,9 миллион теңге берілді). 2021 жылғы ақпанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 13,5 пайыз құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 наурыз үшін айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 253,0 мың бірлікті құрайды (алдыңғы аймен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,5 пайыз құрайды.
Ақмола облысы бойынша бұл карточкалар иелерінің саны – 1 020 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 3,8 пайыз өсті.
2021 жылғы ақпан айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 87 682,8 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 18,2 пайыз-ға өсті). Транзакциялар саны 5 913,4 мың транзакцияны құрап, 11,6 пайыз-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 11,0 пайыз өсіп, 5 199,2 мың транзакцияны құрады, сомасы 16,2 пайыз өсті (мөлшері 50 851,9 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 16,2 пайызға дейін өсті (транзакциялар саны 714,2 транзакцияны құрады), сомасы 21,0 пайызға өсті (мөлшері 36 830,9 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 5 585 POS-терминал, 391 банкомат, 3 185 кәсіпкер; 4 756 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.