Бағдат Мусин: Saqbol сырқат таныстарыңыз туралы анонимді мәлімет береді

ҚазАқпарат – Saqbol қосымшасын ұялы телефонға орнату арқылы корнавирус жұқтыру қаупін азайтуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Saqbol қосымшасының жұмыс принципін түсіндірді. «Saqbol – біз ойлап тапқан нәрсе емес, халықаралық деңгейде шешілген нәрсе. Осы қосымшаны жүктеп алған адам Saqbol-ды пайдаланатын басқа адамдармен байланыста болса, бір-бірімен код алмасу арқылы сигнал береді. Сол адамдардың ішінен біреу ертең ПТР-тесттен өтіп, коронавирус жұқтырғанан анықтаса, бірнеше күн бойында контактіде болған адамдарға ақпарат береді. «Сен сол ортада болдың. Мүмкіндігінше ПТР-тест тапсырып, инфекция жұқтырмағаныңа көз жеткізіп ал» деген хабар келеді. Бірақ қосымша нақты кімнен сырқат анықталғанын айтпайды. Аноноимді түрде сондай ортада болғаныңды ғана ескертеді», – деді ведомство басшысы орталық коммуникациялар қызметінде. Еске салсақ, аталмыш шарада Бағдат Мусин вакцинация қашықтан жазылуға мүмкіндік беретін eGov mobile қосымшасы туралы айтқан болатын.

https://www.inform.kz/kz/bagdat-musin-saqbol-syrkat-tanystarynyz-turaly-anonimdi-malimet-beredi_a3772421

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар