Қазақстанда вакцинаға қатысты фейк ақпаратпен күрес күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцинаға қатысты фейк ақпаратпен күрес күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге халық арасында вакцинацияның маңыздылығы және жалған ақпараттарды терістеу туралы ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жолға қойылатын болады. Арнаулы медиа жоспар жүзеге асырылады», – деді ол. Министрдің атап өтуінше, ол үшін ақпараттық ресурстардың, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бүкіл әлеуеті жұмылдырылады. «Вакцинацияның маңыздылығына басымдық беруге барлық телеарналар мен баспа басылымдарды жұмылдыру, оң нәтижелерді көрсету үшін ой-пікір көшбасшыларын, сарапшыларды және медиа тұлғаларды тарту, фейктерді терістеу және олармен күресу үшін сенімді ақпараттарды жариялау жоспарланып отыр», – деді Алексей Цой.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-vakcinaga-katysty-feyk-akparatpen-kures-kusheytiledi_a3772772

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар