Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақтың тілі мен салтын құрметтеген - АРҚА АЖАРЫ

Қазақтың тілі мен салтын құрметтеген

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғаннан кейін оны елімізде тұрып жатқан барлық азаматтардың білуі парыз саналады. Дегенмен де, мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылмай жүргенін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Тіпті, өзіміздің қаракөздеріміздің ана тілдерінде сөйлемейтіні дағдыға айналып кеткендей. Сондайда мемлекеттік тілдің шашбауын көтеріп жүрген өзге ұлт өкілдеріне қарап тамсанасың. Осы орайда, біз қазақтың тіліне ғана емес, салт-дәстүріне де құрмет көрсетіп, қазақ отбасының аяулы келіні болып отырған орыс ұлтының өкілі Юлия Викторовнамен телефон желісі арқылы әңгімелескен едік.

Ақкөл ауданына қарасты Қына ауылында 1986 жылы дүниеге келген Юлия Таженова Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Кітапханашы» мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде ол туған ауылындағы кітапханада 16 жылдан бері жемісті еңбек етуде. Қазақ отбасына келін болып түскеннен кейін балаларын халқымыздың өнегесі негізінде тәрбиелеп, бойларына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіруде. Мектепті қазақша бітірген қызы Камила қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы Менеджмент және бизнес колледжінің қазақ группасының үшінші курсында оқиды. Ұлы Әлижан да шұрайлы қазақ тілінің тұнығынан сусындап өсіп келеді. Юлияның жолдасы Дархан ауылдағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
Кейіпкеріміздің қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанатынын ауыл тұрғындары жақсы біледі. Ұлты орыс болса да, ол қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеудің хас шебері. Ауылда тұратын кез-келген қазақ аналары секілді таңмен тұрып, сиыр саууды, құрт, ірімшік қайнатып, қоспа жасауды Юлия да өзіне міндет етіп алған.
Айта кетейік, бүгінде Қына ауылында 250-ден астам үй бар. Онда қазақтармен қатар, неміс, орыс, поляк және басқа да ұлт өкілдері тұрады. Кітапханаға келетін ауыл тұрғындарына Юлия мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей қызмет көрсетеді.
–Қазақ тілін үйренуге деген құштарлығым мектепте оқып жүрген кезімде оянды. Қазақ әдебиеті сабағында ақындардың өлеңдерін жатқа оқығанды ұнататынмын. Өйткені, қазақ тілі әлемдегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Осы ретте, менің тіл үйренуге деген құлшынысымды байқап, қазақ тіліне баулытқан ұстазым Мәриям Бүркітбаеваға ризашылығымды айтқым келеді. Қазір қазақ тілі менің ана тілімдей болып кетті. Мемлекеттік тілді үйренуге деген асқан ынтам мен жігерімнің арқасында қазір қазақ тілді азаматтармен еш қиналмай сөйлесе аламын, – деп ағынан жарылған Юлия Таженова ұлты басқа болса да, әр отандасымыз өзі мекен еткен Қазақстанның мемлекеттік тілінде сөйлеуді өзінің міндеті деп білуі тиіс екенін айтады. «Қазақ тілінің болашағының жарқын болуына аз да болса үлесімді қоссам, өзімді бақытты жанмын деп есептер едім» деген ол 2008 жылы Астананың 10 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты аудандық байқауда 1 орын иегері атанды. Сонымен қатар, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырған «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» облыстық Абай оқулары байқауында Алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының «Үміт» номинациясы бойынша дипломанты атанды. 2017 жылы «Рухани жаңғыру жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық жас кітапханашылар форумына қатысты. Сол жылы ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқаны, «Nur Otan» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін насихаттауға үлес қосқаны және Мемлекет басшысының саясатына қолдау білдіргені үшін партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын алды.
Кейіпкеріміздің мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін аудан әкімдерінен, тиісті ведомство басшыларынан алған Алғыс хаттары жетерлік. Өткен жылы ол Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жұмыстан, үй шаруасынан қолы қалт еткенде Юлия ауылдың тарихын, еңбек адамдарының өмірін зерттеумен айналысады. Алдағы уақытта өлке тарихы, ауған соғысының ардагерлері жайлы жинаған деректерін кітап етіп шығару ойында бар.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Қына ауылы,
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар