Алматыда демалыс күндері 8,3 мың адам коронавирус вакцинасын алды

Алматыда демалыс күндері 8385 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 сәуір күні -53356 ал 18 сәуірде 3050 адам вакцина салдырды», – деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 сәуір аралығында 134 484 адамға екпе салынды. Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және сәуірдің 11-24 аралығында 100 мыңнан астам адамды КВИ-ге қарсы иммундау жоспарланған. Бүгінгі күні қалада 203 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар. Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтбаев к-сі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін. Айта кетейік, 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті ашылды.

Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар