«Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды

Павлодар облысы аумағындағы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды. Бұл жайында ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 сәуір күні сағат 8-30-да Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді. Ішкі жану мен қатты желге байланысты от үш бағытта таралды. Екі бағыт бойынша қарауылдау, үшінші бағытта сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің ауданы шамамен 1000 гектарды құрады. Оның ішінде орманды алқап – 300 гектар. Өртті сөндіруге 50 техника және 206 адам жұмылдырылды»,- деді ол. Бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында орналасқан «Ертіс орманы» резерватындағы өрт 1000 гектар аумақты шарпып үлгергенін, оқиға орнында 45 техника және ТЖД жеке құрамының 183 өрт сөндірушісі жұмыс істеп жатқанын хабарлаған едік.

Дереккөз: inform.kz

 29 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар