19 сәуірден бастап Бельгия тұрғындары мен азаматтары еш кедергісіз елге кіріп-шыға алады. Бұған дейін елде маңызды емес сапарларға шектеу қойылған. Енді елге кіргендер карантинді сақтау үшін «қатаң бақылауға» алынады, деп хабарлайды ҚазАқпараттің меншікті тілшісі.
Еуроодақ шекарасынан өту мәселесі бойынша Бельгия Шенген аймағының жалпы еуропалық ережелеріне бағынады. Бельгияға «қызыл» аймақтағы елдерден келгендерге «Travelers Online» порталында тіркелуден өту қажет. Арнайы жасақталған форма 2 ПТР тестін тапсыруды міндеттейді.
Аталмыш форманы Бельгияға кірер алдында 48 сағат бұрын толтыру керек. Ел аумағында саяхатшылар қатаң карантин режимін сақтауы керек. Алғашқы ПТР тест келген күні тапсырылуы тиіс. Екіншісі жетінші күні тапсырылады. Жоғарыда аталған ережені сақтамағандарға 250 еуро көлемінде айыппұл салынады. Жетінші күні тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер тест оң нәтиже берсе, келуші өзін-өзі он күнге дейін оқшаулауы тиіс.
Авторы Руслан Сүлейменов
Дереккөз: inform.kz