Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында тестілік режимде "Ashyq" жобасы іске қосылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында тестілік режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды

Ақмола облысы карантиндік шектеулер кезеңінде шағын және орта бизнес қызметін жаңғыртуға бағытталған «Ashyq» жобасына алғашқылардың бірі болып кірді. Қазір тестілеу режимінде облыс орталығы мен Степногорск қаласының 18 кәсіпкері QR-код алды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жүйеге қатысуға өтінімдер сайт арқылы беріледі InfoKazakhstan.kz келушілерге қосымшаны жүктеп алып, үй-жайға кірген және шыққан кезде арнайы QR-кодты сканерлеу қажет, ол бойынша төрт мәртебе анықталады: «жасыл», «көк», «сары», «қызыл».

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахмановтың айтуынша, жобаға қатысушылар саны күн сайын артып келеді.

«Біздің облыс «қызыл аймақта»орналасқан. Кәсіпкерлер барлық жауапкершілікті түсінеді. Қосылмаған бизнес түрлері жұмыс уақыты бойынша шектелген. Осы кодты берген сәттен бастап мекеме бір апта бойы тест режимінде жұмыс істейді. «Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпорындардың тізімі әкімдіктің сайтында жарияланатын болады», — деп хабарлады ведомство басшысының орынбасары.

Қолданудың қарапайымдылығын облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атап өтті.

«Бұл жүйені бизнес нысаны үшін де, келушілер үшін де қолдану өте оңай. Объектіге әр кірер алдында ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ, бұл қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктірілген және ПТР-тестінің оң мәртебесі бар немесе олар байланыста болған және үй карантинінде болуы тиіс келушілерді (және қызметкерлерді) анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай келушілер анықталған жағдайда, бизнес субъектісі санитарлық қызметті хабардар етуі тиіс», — деп атап өтті санитарлық қызмет басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.

Айта кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы Бірыңғай талаптарға сәйкес қазір ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өтуде. Қазіргі уақытта қосымшаның серверлері «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын «ҰАТ» АҚ-ның қорғалған тізбегінде орналасқан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар