Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер ел игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жер ел игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпанның қатысуымен аграрлық мәселелер және индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысы болып өтті.

Бұл іс-шараға тиісті басқарма басшылары, Аршалы мен Зеренді ауданы әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді пайдалануды бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қатысты. Жиналғандар алдында облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ерғали Шорин сөз сөйлеп, өңірде ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдалану жөнінде айтты.

–Бүгінгі күні Ақмола облысының жер қоры 14 миллион 623,2 мың гектарды құраса, оның 10 миллион 848 мың гектар жері ауыл шаруашылығына бағытталған. Оның ішінде егіс алқабы 5 миллион 957,7 мың гектар, жайылым жер 4 миллион 419,3 мың гектар, тыңайған жер 292,4 мың гектар, шабындық жер 151,5 мың гектар, көпжылдық шөп 1,6 мың гектар, 25,5 мың гектар өзге де жерлер бар. Облыс бойынша 4282 шаруа қожалығы 2 миллион 445,6 мың гектар алқапта жұмыс істейді. Ал мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 1199-ды құрайды. Олар 8 миллион 331,6 мың гектар жерде еңбек етеді,–деді басқарма басшысы.

2018 жылдың мамырынан бастап ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді пайдалануды және қорғауды бақылау міндеті жергілікті аудан әкімдіктеріне беріліпті. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдаланудың ережелеріне сәйкес, Ақмола облысы ақпараттық технологияны қолданумен ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мониторингісін жүргізу бойынша пилоттық өңірлердің бірі болып табылады. Өткен жылдың басынан бері әкімдіктер жергілікті жерлерде «QOLDAU» цифрлық платформа базасындағы веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың мониторингісін жүргізеді. 2020 жылғы порталдың мәліметі бойынша пайданылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің алқабы 3 миллион гектарды құраған екен. Бүгінгі күні веб-порталдың мәліметі жаңартылғанын атап өткен жөн. Мемлекеттік инспекторлар қала мен аудандардың барлық субъектілеріне жерді пайдаланудың қажеттілігі жөнінде ескерту жіберіпті. Анықталған жерлер бойынша бірқатар шаралар қабылданған екен.

–729,3 мың гектар алқап пайдаланыла бастады. 76,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өзге жер учаскелерінің материалдары жергілікті атқарушы органдардың жұмысында жатыр. Сондай-ақ, пайданылмайтын және тиімді пайданылмайтын 2,7 миллион гектар жайылым жерлер белгілі болды. Оның 663,4 мың гектары тиімсіз пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өткен жылдың басынан бастап кәсіпкерлік пен шағын кәсіпкерліктің кіші субъектілеріне қатысты тексеріс жүргізуге мораторий енгізілді. Осыған байланысты пайданылмайтын жерлердің үлкен үлесі бар шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізу мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және ауыл тұрғындарының малын бағатын жайылым жердің жетіспеушілігі мәселесі жергілікті жерде шешілуде. Облыс аумағындағы тұрғындардың мал бағу үшін жайылым жерге қажеттілігі 522 елді мекенде бар. Мұндай жайылып жер 1,7 миллион гектарды құрайды. Аталмыш проблемалық мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар 934 гектар қосалқы участокты ұсыну арқылы 1573,2 гектар жайылым жерді алып қойды. Сондай-ақ, 38,2 мың гектар алқаптағы елдімекендердің әкімшілік шекарасында орналасқан жер қоры жанындағы жер учаскелері енгізілді. 3 мың гектар алқапта көшпелі мал шаруашылығы жұмыс істейді. Орман шаруашылығы мекемелерімен 13 мың гектар алқапта тұрғындардың жайылым жерді пайдалануы жөнінде келісім-шарт жасалды. 1,1 миллион гектар жерді бірге пайдалану жөнінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен меморандумға қол қойылды,–деді Ерғали Шорин.

Биылғы жылы елді мекендердің шекарасын орнату кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен 40,8 мың гектар жер қорын енгізу, сондай-ақ, 4,4 мың гектар жерді алып қою, 113,2 мың гектар алқапқа көшпелі мал шаруашылығын енгізу жоспарланған екен. Бұдан кейін Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі» Заң нормасына сәйкес, тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы оқ-дәрі қоймаларының құрылысын елдімекендер шекарасынан қауіпсіз қашықтықта жүргізу жөнінде айтып берді. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне Целиноград ауданының Софиевка селолық округі аумағында орналасқан 18,10 гектар жер берілген екен. Аршалы ауданындағы жердің жағдайы жөнінде осы аудандағы ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді пайдалануды бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Алмаз Қожахметов айтып берді.

Отырыс соңында аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы қаулы шығарып, облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ерғали Шориннің, Аршалы мен Зеренді ауданы әкімі орынбасарларының мәліметі назарға алынды. Аталмыш басқармаға, қала мен аудан әкімдеріне ұсыныс жасалды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар