Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрт бүгін күндіз сағат 17:45-те Осипенко 1/3 мекенжайы бойынша орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы пәтердің балконында тұтанған. Өрт аумағы төрт шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 26 адам және 10 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құтқару баспалдағының көмегімен 25 адамды эвакуациялады, оның 10-бала.
Абырой болғанда, тұрғындар зардап шеккен жоқ. Өрт дер кезінде сөндірілді.