Ақмола облысында жанар-жағармай сақталған қойма өртенді

– Степногор қаласының Заводская кентінде қойма өртенді. Өрттен қоймадағы 1200 литр май және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 15:14-те Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС-нің ауласында тұрған қоймадан шыққан.

«Тілсіз жаумен күреске ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 24 адам және 6 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті. Сағат 16:52-де өрт оқшауланды. Қазіргі кезде оны сөндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге, өрттің шығу себебі де анықталып жатыр», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының орман өрті қаупі бар маусымға дайын еместігін жазған едік.

Ақмола облысы
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар