Степногорда әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берген

— Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады.

Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені анықталды.

Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген.

Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар