Аудан әкімдігінің мәліметінше, акцияның мақсаты – төлдеу және лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу болып табылады.
Акция кезінде басқа да мүдделі органдармен бірлесіп браконьерлік фактілерін анықтау, киік мүйіздері мен еті, терісінің заңсыз айналымы және оларды елден тыс жерлерге әкету бойынша күшейтілген рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Біржан сал ауданының ПБ қызметкерлері мен табиғатты қорғау инспекторлары аңшылық алқаптарды патрульдеп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көңіл бөлетін болады.