Ержүрек өрт сөндірушіні еске алды

Аудан орталығы Степняк қаласында шағын футболдан өткен жылы елордамыз Астанада шыққан өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтті, – деп хабарлайды Ақмола облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Турнир басталар алдында қатысушылар Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі Асқар бауырымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Забикулин 2022 жылдың 16 қарашасында Астанадағы өртке оранған пәтерлердің бірінен бірнеше адамдыот-жалыннан аман алып қалған болатын.

– Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің атынан Біржан сал ауданының әкімі мен тұрғындарынамарқұмның туған жерінде осы шараны өткізуге мүмкіндік туғызғандары үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, спорттық осы іс-шараға шақыруымызды қабыл алған қатысушылар мен  Асқардың туыстары, достары мен әріптестеріне де ризашылығымыз шексіз, – деп атап өтті осы ретте, департамент басшысы Нұрлан Атығаев.

Жарысқа Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің құрама командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды қарағандылық құтқарушылар, екінші және үшінші орындарды Павлодар облысы мен Ақмола облысының құтқарушылары иеленді. Жеңімпаз командаларға  тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар