Орман қоры мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 гектар болатын сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге  пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды.Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланылмаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары деңгейіне қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілмей және өртке қарсы жоспарлар әзірленбей келген.

Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органның сотқа жүгінуіне негіз болды. Сөйтіп, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ормандыұзақ мерзімді пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 миллиард теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар