Мектептер қайта жаңартылуда

Ауданда өткен үш жылда  бес  білім беру нысаны жөнделді. Биыл жоспар бойынша алты білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Ерейментау қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы мектепті, Сілеті, Тайбай, Олжабай батыр, Торғай ауылдарындағы орта мектептерді және «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығын жөндеу жоспарлануда.Ал, денсаулық сақтау саласында Тайбай, Олжабай батыр және Өлеңті ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізіледі. Торғай ауылында дәрігерлік амбулатория салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қолға алынды.

Сондай-ақ, Есеншілік ауылында заманауи амбулаториялық-емханалық ғимарат салынады. Осыған жер учаскесі анықталып, дайындық рәсімдері басталды.   Олжабай батыр ауылындағы клубты күрделі жөндеу және Тайбай ауылындағыбұрынғы дүкендіклубқа айналдыру үшін қаражат бөлінді.Бұл жұмыстар жақын арада басталды.

Аталмыш жобалардың іске асырылуыауданның әлеуметтік саласын дамытуға көмегін тигізетіні анық. Себебі, осының бәрі халықтың өмір сүру сапасын арттырудың  негізі болып табылады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар