Жолдарға – күтім, көшелерге – жарық

Облысымызда «Ауыл–ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Елді мекендерде ескірген жол, су құбырлары мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру мәселесі оң шешілуде.

Бұл мақсатқа бағдарлама аясында 17 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.Бұланды ауданында да осы бағдарлама шеңберінде көптеген игі істер жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Вознесенка ауылында биылғы жылы ауылішілік жолдар мен жарық желілері жөнделіп, үйлерге ауызсу тартылмақшы.  Ауыл тұрғындары бұл игі іске дән риза. Олардың айтуынша, бұған дейін ауыз судың бір флягын 40 теңге сатып алып жүрсе керек. Әрине, сатып алған суға бау-бақша өсіре алмайтындығың және белгілі.  Жолдар да жөндеуді талап ететін.  Ауылдың білім ошағы да талай жыл жөндеу көрмеген. Қазіргі таңда Вознесенка ауылы  жанданып, көркейіп келеді. Мектеп те, жолдар да жөнделіп, көше көркін келтірер шамдарда орнатылмақшы.

Вознесенка ауылын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін қазынадан 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Соның нәтижесінде су құбырлары келер жылдың соңына дейін тартылып бітуі тиіс.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар