Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше 26-шы сәуір күні сағат 14:21 Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 1984 жылғы ер адам хабарласып, 12 жастағы ұлы Сергей Александрович Кривоножконы іздеуге көмек сұрады. Әкесінің айтуынша, ұлы сағат 13:00 шамасында қарындасын №16 орта мектепке шығарып салмақшы болған. Алайда, бала содан үйіне қайтып келмеген.
Жоғалған бала үстіне қара шалбар, қара спорттық аяқкиім, көк куртка және қара бас киім киген.
Тәртіп сақшылары жоғалған баланы көрген адамдар болса, дереу «102» арнайы желісі бойынша полицияға хабарласуды сұрайды.