Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол астықтың негізі қалануда - АРҚА АЖАРЫ

Мол астықтың негізі қалануда

Биылғы жылы Біржан сал ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс науқанына үлкен дайындықпен келіп, 195,3 мың гектар алқапта егіс жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.Оның ішінде 169,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себіледі. Негізгі азық-түлік дақылы болып саналатын бидай 124 мың гектар жерге егіледі. Сондай-ақ, 33,7 мың гектар алқапқа арпа, 6,8 мың гектарға сұлы, 3,6 мың гектар жерге бұршақ себіледі. Майлы дақылдар 19,3 мың гектар алқапқа сіңіріледі деп жоспарлануда.

–Ауданда мал басы көбейіп келеді. Осы бағытта ауылдық округ әкімдері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірге азықтық дақылдарды көбейту үшін егістік алқаптарының құрылымын қайтадан қарады. Азықтық дақылдардың алқабы 8,3 мың гектарды құрамақшы. 5,9 мың гектар жерге шөп егіледі. Тұрғындарды есепке алғанда картоп 843 гектарға, көкөніс 95 гектар алқапқа отырғызылады,–деді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Әубәкіров бізбен әңгімесінде.
Бүгінгі таңда шаруашылықтардағы 16 мың тонна тұқымның 15,5 мың тоннасы беріліп, 8,1 мың тоннасы тексеріліпті. Оның ішінде егіс стандартының 1 класты тұқымы 6,4 мың тоннаны және 2 клас-ты тұқымы 1,7 мың тоннаны құрайды. Аудан шаруашылықтары тұқыммен толық қамтылған екен. Аттестатталған тұқым шаруашылығы болып саналатын «АСКОП» серіктестігі 6 мың тонна элиталық тұқым сатыпты. Көктемгі егісті жүргізудің негізгі кезеңінің бірі – ашық аспан астына тұқым шығару және тұқымды залалсыздандыру. Бұл шараларды жүргізу ылғалды жылы зиянкестерден болатын аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Аудан шаруашылықтары тұқымды залалсыздандыратын 2920 литр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
–Ауыл шаруашылығы құрылымдарында машина-трактор паркін қазіргі заманғы техникамен жаңарту жұмысы жүргізілуде. Бұл бағытта қазіргі заманғы өнімділігі жоғары егіс кешені мен комбайндар сатып алуға ерекше назар аударылады. Биылғы жылы 4 трактор, 1 егіс кешені сатып алынды. Жалпы, аудан бойынша ауыл шаруашылығы техникасының 43 пайызы тозған. Өткен жылы машина-трактор паркі әртүрлі 21 техникамен жаңартылды. 2021 жылғы егіс науқанында 389 трактор, 690 сеялка, 74 өнімділігі жоғары егіс кешені пайданылады. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудан бойынша дәнді және бұршақты дақылдар 12-13 күннің ішінде егіледі деп жоспарлануда. Ауданда егіс науқаны негізінен қазіргі заманғы егіс кешендерімен жүргізіледі. Көктемгі егіс жұмысын жүргізуге 2 700 тонна кепілдендірілген дизель отыны қажет. Оның 2,4 мың тоннасы наурыздан бастап тасымалданды,–дейді Бауыржан Әубәкіров.
«Әдістемелік орталық» мемлекеттік мекемесінің жүргізген зерттеуі негізінде биылғы жылы 140 мың гектар алқаптың арамшөбіне қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, бюджет есебінен ауру мен зиянкестерге қарсы шаралар атқарылады. Жердің құнарлығын сақтау және өнімділігін арттыру мақсатында аудан диқандары минералдық тыңайтқышты қолдануға ерекше назар аударады. Бұл бағытта көктемгі егіс науқанына дейін 320 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алынбақшы. Сөйтіп, Біржан сал ауданының диқандары көктемгі егіс науқанын ойдағыдай жүргізу үшін қолдағы мүмкіндіктің барлығын тиімді пайдалануды жоспарлап отыр.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Біржан сал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар