Қарқын 12 есе артты. Денсаулық сақтау министрлігі 2,3 млн. қазақстандықтың вакцинаға қолжетімділігін қамтамасыз етті – А. Цой

Денсаулық сақтау министрлігі 2,3 млн. қазақстандық үшін вакцинацияға барынша қолжетімділікті қамтамасыз етті. Демек, халық вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында да, медициналық ұйымдарда да қор бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.

Ведомство басшысы соңғы мәліметтерді жария етті: 1 507 359 азамат вакцинаның бірінші компонентін, 422 279 екі компонентін де салдырған. Вакциналау қарқынына келетін болсақ, 1 сәуірмен салыстырғанда тәулік ішінде бірінші және екінші доза салдырғындар саны 12 есеге, 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Қазақстандықтар өз қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеген вакциналарды таңдай алады, бұл «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Wax».

Цой еске салып өткендей, халықты жаппай иммундауды бастамас бұрын инфрақұрылым дайындау, вакцинаны тасымалдау және сақтау, логистиканың барлық кезеңдерінде жағдай жасау, тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу және қызметкерлерді оқыту бойынша көп жұмыс атқарылғанын жеткізді, бұл уақыт пен басқа ресурстарды қажет етті.

Қысқа мерзімде халықты жаппай вакцинациялау үшін 1400 вакцинация пункті, елдің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында, оның ішінде ауыл халқы үшін 400 жылжымалы медициналық кешен ашылды. Вакцинация науқанына 11 мыңнан астам медицина қызметкері тартылды.

«Бүгінгі күні вакцинацияланған 1.5 млн. азаматтың ішінен тек 0,02%-ы ғана ауырып қалды, бұл вакцинаның бір дозасын алған кезде де жоғары тиімділікті және алғашқы иммунитеттің қалыптасатынын растайды. Вакцинациялаудың алдағы қарқыны денсаулық сақтау жүйесінің үйлесімді жұмысына, сондай-ақ азаматтардың өз жақындарының денсаулығы мен жалпыға ортақ иммунитетті қалыптастыру үшін дұрыс таңдау жасауына байланысты болатынын атап өткім келеді», – деп түйіндеді еліміздің бас дәрігері.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1620213972

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар