Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді ауданының әкімдігі балықтардың жаппай қырылу себептерін атады - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді ауданының әкімдігі балықтардың жаппай қырылу себептерін атады

Зеренді ауданы Ортағаш ауылының тұрғындарының бірі түсірген бейнеролик әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбадан жергілікті су қоймаларының бірінде балықтардың жаппай қырылғанын көруге болады. Балықшылардың айтуынша, балықтардың жаппай қырылуы бірнеше факторларға байланысты: біріншіден оттегінің жетіспеуінен, екіншісі көлдің таяз жерлерінің толық қатуы себеп болуы мүмкін.

Осы ретте, Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Анар Сұлтан желі қолданушылар тарапынан қызу талқыға түскен бейнежазбаның ертерек түсірілгенін және өлі балықтарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«Осы мәселе құзыретіне жататын Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары акт жасап, су және өлген балықтан сынамалар алды. Әрі қарай жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қорытынды шығарылады. Дегенмен, аталымш мәселені Зеренді ауданы әкімдігі бақылауына алады», — деді Анар Сұлтан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар