Ақмолалық оқушылар республикалық олимпиадада білімдерін сынауда

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, жыл сайын елімізде ауылдық елді-мекендерінде тұратын қабілетті оқушыларды қолдау және оларға арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік лифт беру үшін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы өткізіліп келеді.

Бұл жоба өз құрдастарымен сәтті бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін ауылдық жерлерден келген 5 және 6 сыныптардың 1000 ең қабілетті оқушыларын анықтауға арналған.

Биыл ақпан-наурыз айларында Ұлттық олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер қабылданды. Ақмола облысынан 7163 өтінім келіп түсті, оның 6486-ы логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалау тестілеуіне жіберілді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша өңірдің 248 оқушысы өтті. Солардың бірі – Зеренді ауданындағы Баратай негізгі мектебінің оқушысы Абай Жолдыбаев болды. Ол «Білім инновация» лицейіне түсуді армандайды.

«Өткен жылы «Мың бала» екінші турына қатысып, грамота мен ноутбук алдым. Бүгін мен екінші турға да қатысамын», – дейді оқушы.

Жақында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «U-Study» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында офлайн режимде екінші кезең өтті. Финалистер математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде білім алушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

Өткен жылы екі кезеңнің қорытындысы бойынша Ақмола облысынан 83 жеңімпаз анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша 17 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқуға қабылданды, ал барлық жеңімпаздарға әрі қарай білім алу және дағдыларды дамыту үшін «Birge Oqý» онлайн – мектебіне тегін қолжетімділік берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар