Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Көкшетауда саяжайлар өртенді

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт мамырдың 8-де Көкшетаудың Зеренді бағытындағы саяжай аумағында орын алған. Бұл туралы сағат 12:44-де «101» пультіне хабарланды. Онда «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы айтылды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

«Өрт аумағы  5 гектарды құрады.  Өрттің салдарынан 16 саяжай үйі отқа оранды. Оның 6-уы «Целинник», 10-ы «Авиатор» саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан», –  деп атап өтті Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар