Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен емделуде - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен емделуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындылары және алдағы міндеттері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте филиал директорының орынбасары Талғат Тілеубердин айтып берді.

2021 жылы облыстың медициналық ұйымдарының медициналық қызметтерін төлеуге 64 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Оның 39,2 миллиард теңгесі кепілдендірілген көлем және 24,9 миллиард теңгесі міндетті медициналық сақтандыру аясында төленеді. Облысымызға коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға және коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 4,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдармен жасалған барлық келісім-шарттардың құны 61,3 миллиард теңгені құрайды.
Филиал директорының орынбасары өз сөзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтер тарифіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, барлық медициналық ұйымдардың ақ халаттыларының еңбекақысын көтеруге 5,9 миллиард теңге қарастырылғанын айтты.
–2020 жылдың қорытындысы бойынша амбулаторлық-емханалық деңгейде
1 миллион 429 мың медициналық қызмет көрсетілді. Атап айтсақ, олар дәрігерлердің қабылдауы, зертханалық диагностика, медициналық ем шаралары мен манипуляциялар, диагностикалық қызметтер және тағы басқалары. Осындай қызмет түрлеріне қаржыландыру артты. Емханалар көрсететін консультативтік-диагностикалық қызметтердің негізгі бөлігі медициналық сақтандыру есебінен төленеді, – деді филиал директорының орынбасары.
Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында күндізгі стационарларда емделудің 11 мың дерегі тіркелсе, оның 7 мыңнан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылған. Стационарларда 28100 науқас ем қабылдаған. Осы ретте, стационарларға шұғыл госпитализациялаудың 7,9 пайызға артқанын айта кетуіміз керек. Бұған басқа да жағдайлармен қатар, коронавирус пандемиясының да әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес.
Сондай-ақ, жоспарлы емделуге қолжетімділік артқаны байқалады. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қымбат тұратын жоғары технологиялық 77 ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалған. Мұндай бір отаның орташа бағасы 2,8 миллион теңге тұрады екен. Талғат Тілеубердин облысымыздың кез- келген тұрғыны тұрғылықты мекенжайына қарамастан осындай медициналық көмекті ала алатынын айтты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар