«Адал жүрек» жобасы арқылы ақмолалық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 қайырымды іс» акциясы және «Адал жүрек» жобасы арқылы ақмолалық отбасы үш бөлмелі пәтер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жоба аясында құны 5 миллион теңге тұратын үш бөлмелі пәтердің кілті Ерейментау ауданындағы Кенжебаевтар отбасына тапсырылды.

«Біз Қазақстанның әр өңірінен жиналып, осындай қайырымдылықты мақсат етіп «Адал жүрек» деген жобаны іске асыруға бел будық. Біз жиырма бес адам қолымыздан келгенше халықты мейрімділікке үгіттеп, қоғамдық орындарда жәшіктер қойып, өздеріміз де шама келгенше осы қайырымдылық шараға ат салысуға халықты шақырып, қомақты сома жинадық.

Жиналған ақшаны тек мұқтаж жандардың үлесіне үйлестіріп, осы Ерейментау ауданында тұратын Кенжебаевтар отбасына пәтер алуды шештік», – деді жоба қатысушысы.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталмыш шара Егеменді елдің ынтымағын танытып, адами қасиеттің шыңы болған «қайырымдылық» сынды құндылықтың айқын көрінісі.

«Өте қуаныштымыз! Күтпеген жерден баспаналы болдық. Мың алғыс айтам «Адал жүрек» жобасын ұйымдастырған адамдарға. Көп рахмет!», – деп алғысын білдірді Кенжебаевтар жанұясының отанасы.
Аслан Оспанов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар