Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық бағыттар бойынша жанды жұмыс байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Барлық бағыттар бойынша жанды жұмыс байқалуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мәлгаждаровтың «Ауданның 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингі болып өтті.

– Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Алда тұрған барлық іс-шаралар мен үлкен жоспарлардың бәрі де осы 30 жылдық мерекесінің аясында өткізілуде. Бүкіл әлемге жайылып отырған коронавирус індеті біздің жұмыс жоспарымызға, әрине, өзінің түзетулерін енгізді. Дегенмен, ауданымызды дамыту жолында атқарылатын істер одан әрі жалғасын табады, – деп сенім білдірген аудан басшы «Атаулы күнді мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алу керек» деген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін басшылыққа алып отырғандарын жеткізді.

Баяндамашының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген, жылдан-жылға инвестициялар көлемі артып келеді. Осы есепті кезеңде аудан экономикасын дамытуға шамамен 1,3 миллиард теңге бағытталған. Оның ішінде 1,2 миллиард теңгеден астам жеке инвестициялар салынған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,5 есе көп.

Жалпы өнім көлемінің индексі өткен жылғы деңгейге қарағанда 124,9 пайызды, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемінің индексі 102,2 пайызды, құрылыс жұмыстарының көлемі 122,5 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде 865,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығы арқылы 180 адам жұмысқа орналастырылып, 158 жаңа жұмыс орны құрылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында белсенді жұмыспен 90 адам қамтылған.

Карантиндік шектеулер шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік белсенділігіне әсер еткені даусыз. Соған қарамастан, 128,0 миллион теңге сомасында 9 бизнес-жоба қаржыландырылған. Сөйтіп, 170 миллион теңгеден астам қаражатқа 15 жоба іске асырылған. Жалпы, 2021 жылы осы бағдарлама аясында жалпы құны 544,6 миллион теңге болатын 74 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс жалпы құны 1,1 миллиард теңгеден асатын 4 жоба іске асырылуда екен. Оның ішінде Жақсы ауылында дәнді және майлы дақылдарды сақтауға, тазалауға және өңдеуге арналған кешеннің бірінші кезегін тапсыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1,1 миллиард теңгені құрайды. Ал, «Виктор» кәсіпорыны 210 миллион теңге сомасына заманауи тауарлы-сүт фермасын құруды «Арман» серіктестігі 185 миллион теңге қаражатқа астық қоймасын салуды көздесе, 300 басқа арналған 6 ет фермасын ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта көктемгі егіс науқанын сапалы және уақтылы жүргізу аудан диқандарының бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Биыл 478,1 мың гектар алқапта жұмыс жүргізу қажет. Егіс алқабы 1,4 мың гектарға ұлғайған. Бүкіл алқаптың 94 пайызын дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар құрайтын болады.

Ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту «Айбат» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнының жүктемесін 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, аудандағы жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып қала береді. Өз сөзін осылай қорытындылаған аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар