Galymzhan баға мониторингі жүйесі мен аймақтардағы инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері туралы

Galymzhan баға мониторингі жүйесі мен аймақтардағы инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері туралы Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуовтің негізгі тезистері.

Galymzhan жүйесі, оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы Galymzhan – Ұлттық Банк мамандары жасап шығарған және үнемі жетілдіріп отырған аналитикалық бағдарлама. Бұл құрал ең алдымен инфляцияның прокси-индикаторын құру арқылы тұтыну нарығындағы бағаларды күн сайын бақылау үшін және сол кездегі жағдайға баға беру үшін пайдаланылады.

Инфляциялық таргеттеу саясатын ұстанатын орталық банктер үшін қазіргі уақытта болып жатқан инфляциялық үрдістерді бақылау және талдау маңызды екені анық. Бағаның өзгерісіне қатысты уақытылы ақпарат алып отырса, әр түрлі дағдарыс кезінде әрекет етіп, қажет болған жағдайда ақша-кредит саясаты бойынша шешімдерді уақытында түзетуге мүмкіндік береді. Бірақ, солай бола тұра, тұтынушы корзинасындағы тауарлардың бағасындағы өзгеріске жедел анализ жасауды тежеп отырған фактор – ресми баға статикасының жиі жариялануы.

Мәселен, айдың соңында Қазақстанда тұтыну бағаларының индексін Ұлттық статистика бюросы жариялайды, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы туралы мәліметтер апта сайын ұсынылады. Бұл өте маңызды және жедел ақпарат.
Алайда, жекелеген сәттерде экономикалық жағдайға неғұрлым егжей-тегжейлі және тиімді талдау жүргізу жеткіліксіз болуы мүмкін. Осыған байланысты Galymzhan жүйесі сияқты заманауи әдістер мен құралдардың қажеттілігі туындайды.

Жүйенің жұмыс істеу принципі туралы

Galymzhan жүйесінің жұмысы веб-скрепинг технологиясын қолдануға негізделген, яғни, интернеттегі бағалар туралы ақпарат автоматтандырылған тәсілмен жиналады. Айтпақшы, бұл пандемия кезінде интернет-дүкендер мен бөлшек саудагерлердің қызметі туралы ақпараттардың әр түрлі агрегаторлары Қазақстанда белсенді дамыды, дәл осы фактор біздің жүйемізді дамытуға ерекше серпін берді десек те болады. Бұл бақылау базасын және тауарлардың репрезентативті түрін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ұлттық Банктің сайтында жарияланған «Galymzhan жүйесі: Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияны онлайн-бағалау» экономикалық зерттеуінде осы жүйені құрудың егжей-тегжейлі әдістемесі мен тәсілдері туралы жазғанымызды айта кетейік.

Мониторинг жүйесімен қамтылған тауарлар саны туралы

Біз қазір жүйенің екінші нұсқасын дайындап жатырмыз, ол Galymzhan 2.0 деп аталады. Қазір ол әзірге сыналып жатыр. Бағдарлама күн сайын Қазақстанның 6 қаласындағы әр түрлі брендтердің 16 ресми интернет-ресурсында бар 140 мыңға жуық азық-түлік және тұтыну тауарларын бақылайды. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалалары. Көп ұзамай солтүстік пен батыстағы қалаларды да қамту ойда бар.

Сондай-ақ, бағдарламаны сынау кезеңінде бағалардың өзгеруін толық жинақтау және талдау тек 19 өнімнің құрамына кіретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тобы (бұдан әрі – NWPT) бойынша жүзеге асып жатыр. Өйткені, Ұлттық статистика бюросы апта сайын осы себетке кіретін бағалардың өзгергені туралы мәліметтерді күн сайын жаңартып отырады. Жүйені тестілеу кезінде біз нәтижені апта сайынғы статистикалық кеңестің мәліметтерімен салыстырамыз.

Сонымен, NWPT тобы бойынша біз баға индикаторларын толық біріктіру арқылы күн сайын 19 тауар категориясы бойынша 5000 азық-түлік тауарлары-өкілдері туралы ақпарат жинаймыз. Яғни, орта есеппен NWPT себетінен бір тауар санатына шамамен 263 өкіл-тауардан келеді. Сонымен бірге, 2018 жылы құрылған Galymzhan 1.0 жүйесінің бірінші нұсқасында тұтыну себеті өнімнің бір санатына тек бір та-уардан келген. Өкілетті тауарлардың неғұрлым көп мөлшерін қолдану үлгінің репрезентативтілігін арттыруға және соңғы есептелген индекс динамикасының құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік берді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары туралы

Galymzhan жүйесінің жалпы мақсаты – белгілі бір деңгейде Қазақстандағы инфляциялық процестердің динамикасын көрсететін прокси-инфляция индикаторын құру екенін атап өткен жөн. Бағалар туралы жинақталған мәліметтер оларды Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияның жетекші болжамы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Тұтыну бағалары динамикасындағы ерекшеліктер туралы

Galymzhan жүйесіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тобы бойынша біз жинақтаған мәліметтерді талдау барысында интернет-дүкендердің мәліметтері Ұлттық статистика бюросының классикалық зерттеу әдісімен белгіленген бағалармен салыстырғанда тез өзгеретіні анықталды. Бұл интернет-дүкендердегі тауар айналымының жоғарылауымен және бағаны жаңартуға айқын шығындардың болмауы-мен байланысты болуы мүмкін. Макроэкономикадағы бұл құбылыс «мәзір эффектісі» деп аталады.

Сонымен қатар, интернет-дүкендердегі бағаның өсу қарқыны көп жағдайда бөлшек сауда нүктелеріне қарағанда төмен екенін байқадық. Болжам бойынша, бұл факт өзінің жеке интернет-дүкенінің болуы ірі азық-түлік тізбегінің құзыретіне байланысты, мұнда түпкілікті өнімнің құны масштабты үнемдеуге байланысты жалғыз сауда нүктелерімен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

Біз, сондай-ақ, онлайн-бағаның өзгеруі мен Ұлттық статистика бюросының классикалық зерттеу әдісімен тіркелген бағалар арасындағы уақыттың артта қалуын байқадық. Бұл, өз кезегінде, Galymzhan жүйесімен есептелген индикаторды жетекші индикатор ретінде және әлеуметтік маңызды өнім бағаларының өзгеруі туралы ресми деректердің болжамы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Аймақтарда инфляциялық процестерді қалыптастыру туралы

Мысал ретінде интернет-дүкендер саны көп қалалар ретінде (сәйкесінше, 4 және 8 интернет-сайттар) Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы прокси-инфляцияның өзгеруін салыстыруға болады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында Galymzhan жүйесінің деректері мен Ұлттық статистика бюросының ресми көрсеткіштері арасында тәуелділік күшейе түседі.

Сонымен бірге, статистика бюросының ресми мәліметтеріне қарағанда, Алматыда әлеуметтік маңызды тауарлар үшін жүйе есептейтін сенімді инфляция құбылмалы болып табылады. Мысалы, жаңа жыл алдындағы кезеңде (2020 ж. 26-27 желтоқсан) Алматыда азық-түлік тауарларының көбінде баға күрт өсті. Сонымен қатар, бағаның өсуі ірі сауда желілерінде тіркелді, ал жергілікті нарықтардағы бағалар іс жүзінде өзгеріссіз қалды.
Анықталған осы талдамалық деректер Galymzhan 2.0 жүйесінің артықшылығы – нарықтағы аяқ асты кезеңдерде баға динамикасына терең талдау жүргізе алатынын көрсетіп отыр.

Жүйені жалпыға қол жетімді ету мүмкіндіктері туралы

Бұл барлық қажетті техникалық сынақтарды өткізгеннен кейін, белгілі бір ақпараттарды жинақтағаннан кейін, тауарлар бақылауларының санына, сауда атауларына, географиялық қамтуға жақындағаннан кейін мүмкін болады. Бұл өз кезегінде прокси-инфляцияның соңғы индикаторының үлкен репрезентативтілігін қамтамасыз ете алады. Ол үшін, әрине, біраз уақыт керек.

Экономикалық агенттер үшін, ақырғы түрінде, прокси-инфляцияның жалпы индикаторын қазақстандық қалаларда нақты дүкен сөрелеріндегі тауар бағаларына дейін «бөлуге» мүмкіндік беретін жүйенің болуы, біздің ойымызша, елдегі ресми инфляция көрсеткіштеріне бизнес пен халықтың сенімін күшейтеді. Сайып келгенде, бұл инфляциялық күтулерді тиімді түрде бекітіп, инфляцияны таргеттеу режимінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыра алады.

Өз кезегінде, сарапшылар, академиялық орта мен қаржы нарығының қатысушылары үшін жүйенің нәтижелері маңызды ақпарат көзіне айналуы мүмкін, оның негізінде инфляциялық процестерге қатысты маңызды және егжей-тегжейлі ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге болады.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар