Аудан әкімдігінің мәліметінше, Ерейментау қаласында 23 көппәтерлі, 404 жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ, 25 әлеуметтік нысанды бірорталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарланған.
Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы қазандық пен магистралды желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 734 миллион теңге бөлінді.
Оны мердігері «Көкшетау Хлебстрой» серіктестігі қолға алды.
Айталық, жергілікті жылу қазандығына соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілді.
Жыл сайын өз қаражаты есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары 10 пайызға ғана орындалып келді. Алдағы жылыту маусымында 279 жеке үй, 2420 пәтер, 166 заңды мекеме «жылумен» қамтылады.
Нысанды қалпына келтіру жұмыстары арқасында 40 жұмыс орны құрылды, онда орташа жалақы айына 80-90 мың теңгені құрайды.