Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық санақ кезінде call-орталық жұмыс жасайды - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық санақ кезінде call-орталық жұмыс жасайды

Ұлттық санақ басталатын 2021 жылдың 1 қыркүйегінде «1446» бірыңғай call-орталығы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, елдің барлық аумағындағы мобильді және стационарлы телефондар үшін бірыңғай — 1446 нөмірі жұмыс жасайды.

Сондай-ақ 8 8000 800 878 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сall-орталыққа қоңырау шалу – тегін. «Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде Ұлттық статистика бюросының өңірлердегі және орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосулар жүргізіледі.

Сонымен қатар, респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін бюроның http://stat.gov.kz интернет-ресурсына, бюро басшысының блогына, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады», — деп нақтылады ведомстводан. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі — 30 қазаны аралығында өтеді. Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді. Ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатысуға болады.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар