Биылғы 1 қыркүйекте басталатын ұлттық санақ Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, санақ парақтарындағы сұрақтар саны айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар.
«Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды.
Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген», — деді Ұлттық статистика бюросынан.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі — 30 қазаны аралығында өтеді. 1 қыркүйекте sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады.