Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

АЛИХАН ҚАЛЫБАЕВ 8000 ДОЛЛАР ТОЛЫҚ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ!

Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «Е» сынып оқушысы Алихан Қалибаев Катардағы Солтүстік-Батыс университеті дайындық курстарының бағдарламасы үшін 8000 доллар толық грантын ұтып алды.

Аталмыш жазғы курстарда оқушылар жарқын оқиға жасау үшін дыбыс, жарық, монтаж және кинематографияның қалай қолданылатынын білетін болады. Курс 1 аптаға созылады деп жоспарланған. Оның барысында қатысушылар өз күштерін кино саласында байқап, алғашқы қысқа метражды фильмдерін жасап көреді.

«Мен бұл курсқа қатысу үшін өзімнің марапаттарымды, сыныптан тыс іс-шаралардағы жетістіктерімнің тізімін, табельдерімді, ұсыныс хаттарын және т.б. қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына жіберген болатынмын.

Ұсыныс хаттарын жазып, табельдерді беріп, қолдау білдірген мектебіме айтар алғысым зор. Меніңше бұл курс – керемет тәжірибе. Осы курсқа дайындалу барысында университетке түсу алдындағы дайындықтың қалай болатынын аздап сезінген сияқтымын. Бұл мен үшін үлкен жетістік!»,-дейді Алихан.

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар