Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы үкіметтік емес сектордың рөлі талқыланды

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғамды кеңінен тарту мәселелері бойынша өткен кездесуге Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әмренова және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасары қатысушыларды мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндірді. Арман Бердалин ҮЕҰ басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған түрлі жобаларға, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын құру шеңберінде мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылына белсенді қатысуға шақырды.

Алтынай Әмренова атап өткендей, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өңірде жыл сайын елдің қалың топтарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Спикер үкіметтік емес ұйымдар қоғамның тұрақтылығын сақтауға және адамгершілік құндылықтарды дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Кездесуде сөз алған облыстың “Сара” ҚҚ төрағасы Сара Баймағамбетова, “Наше право” ҚБ Төрағасы Владислав Шуль, “Kazakhstan Innovations” ҚБ төрағасы Марьям Әбішева, “Ел бірлігі” ҚБ төрағасы Бақыт Смағұл және басқа да белсенді қоғам өкілдері үкіметтік емес секторды дамыту, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар