«Тіл шебері» байқауының жүлдегерлері анықталды

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық онлайн-байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жас мамандарды қолдау, тіл мәдениетін арттыруға ықпал ету, жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Байқауға 21-35 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Жүлдегерлер тілді білу деңгейі, жауаптардың сапасы мен мазмұндылығы, дұрыс айтылуы мен жазылуы бойынша анықталды. Оның ішінде 3 орынға Гульдана Бейсенбек лайық деп танылса, 2 орынды Жұлдыз Ехсанова алды, ал «Тіл шебері» Мөлдір Жұмабекқызы атанды.

Байқау жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар