Ұлттық санақ кезінде call-орталық жұмыс жасайды

Ұлттық санақ басталатын 2021 жылдың 1 қыркүйегінде «1446» бірыңғай call-орталығы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, елдің барлық аумағындағы мобильді және стационарлы телефондар үшін бірыңғай – 1446 нөмірі жұмыс жасайды.

Сондай-ақ 8 8000 800 878 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сall-орталыққа қоңырау шалу – тегін. «Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде Ұлттық статистика бюросының өңірлердегі және орталық аппараттағы сәйкесті телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосулар жүргізіледі.

Сонымен қатар, респонденттер кез келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін бюроның http://stat.gov.kz интернет-ресурсына, бюро басшысының блогына, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады», – деп нақтылады ведомстводан. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі – 30 қазаны аралығында өтеді. Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді. Ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатысуға болады.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар