Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалардың құқықтарын қорғау ерекше назарда ұсталуда - АРҚА АЖАРЫ

Балалардың құқықтарын қорғау ерекше назарда ұсталуда

Балалар – әр мемлекеттің жарқын болашағы. Сондықтан, бүгінде мемлекет тарапынан өскелең ұрпаққа қаншалықты қамқорлық жасалатын болса, қоғамның ертеңі сонымен тікелей байланысты болмақшы.

Баланың әлемі нәзік және қорғансыз. Ол зұлымдыққа, зорлық-зомбылыққа, өтірікке өз бетінше қасқайып, қарсы тұра алмайды. Оған сенімді қолдау мен қамқорлық қажет. Ежелгі заманнан бері жақсының бәрі балаларға тиесілі деп есептелген, ал, ересектер бұл өсиетті ұстанған. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялады. Осылайша еліміз балаларды құқықтық қорғау қажеттілігін растады. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңында бекітілген.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін барынша толық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте тиісті баптар көзделген. Біздің елімізде Білім және ғылым министрлігінің жанынан балаларды қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен департаменттер құрылған. Өскелең ұрпақтың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында тұжырымдамалық жаңа заңдар қабылданды: олар «Білім туралы», «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «Неке және отбасы туралы», «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» және басқалар, оларда бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерін іске асыруға ықпал ететін арнайы тараулар мен бөлімдер қарастырылған.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Атап айтқанда, Президент бала құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылу, балаларды интернет-қудалаудан қорғау үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге, балалық шақ мәселелерін неғұрлым жүйелі түсіну және оларды шешу үшін 2022 жылдан бастап балалардың әл-ауқатының индексі – Ұлттық мониторингтік тетігін әзірлеу және енгізу қажеттігі айтылды. Индексті енгізу өңірлердегі және әр түрлі салаларда жүрген балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

Ақмола облысында балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бо-йынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні біздің өңірдің барлық қалаларында, кенттерінде, аудандарында және ауылдық округтерінде полицияның тірек пункттерінің базасында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға атаулы, нақты көмек көрсету үшін жедел ден қою топтары құрылып, олның құрамына мектеп психологтары, білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары енді.

Қазіргі уақытта полиция органдарында 712 қолайсыз отбасы есепте тұр, онда 955 бала бар. Жүйелі негізде 200-ден астам отбасында болдық, олардың барысында тұрғын үй жағдайларын тексеру актілері жасалды, оларға әлеуметтік қолдау көрсету, соның ішінде жұмысқа орналастыру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Балаларға және олардың ата-аналарына уақытылы көмек көрсету үшін білім беру ұйымдары жанындағы «111» қызметіне қосымша 226 сенім телефоны, сондай-ақ 8(7162) 402040 және 8(708)4441686 («Шаңырақ» ҚҚ) тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде келіп түскен қоңырауларға шұғыл түрде әрекет жасалады.

2021 жылдың мамыр айынан бастап кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету және кеңес беру үшін Атбасар ауданында, Көкшетау, Степногорск, Нұр-Сұлтан қалаларында фронт-офистер ашылды. Білім беру ұйымдары қалалар мен аудандардың әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен тығыз жұмыс жасауда.

Облыстың 25 білім ордасында мектептегі татуласу қызметтері жұмыс істейді. Мұндай бітістіру қызметтері колледждерде де жүргізілуде. Осы жерде 15 мыңнан астам студент қоғамдық пайдалы қызметке, волонтерлікке, үйірмелер, секциялар, ерікті клубтар жұмысына жұмылдырылғанын да атап өтуімізге болады.
2017 жылғы қарашадан бастап өңірдегі білім беру ұйымдарында «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы енгізілді. Соның арқасында келесі көрсеткіштердің динамикасын дамытуға мүмкіндік туды. 4 айдың қорытындысы бойынша облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар саны 51 пайызға төмендеді. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған жасөспірімдер саны 9 пайызға қысқарды. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2020 жылы 452 жасөспірім есепте тұрса, биыл 411-ге дейін азайған.

Ағымдағы жылы девиантты мінез-құлықты балаларға бағытталған «Бақытты балалық шақ планетасы» лагерьлік ауысымдарын өткізу» және«Ақмола облысының қолайсыз отбасылары қатарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің кешенді жүйесін қалыптастыру» мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыстары іске асырылатын болады. Жобаларды іске асыруға 8,4 миллион теңге қаражат қарастырылған. Пандемияға қарамастан, ағымдағы оқу жылында 2300 оқушы «Балдәурен» республикалық орталығында демалса, «Жұлдыз» санаториялық үлгідегі мектебінде 140 оқушы сауықтырылды.

Отбасылардан уақытша оқшауланған балаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл санат үшін Сандықтау ауылында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдаудың облыстық орталығы жұмыс істейді. Орталық қызметкерлерінің ұжымы 3 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және олардың өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне кешенді психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, медициналық-әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетуді жүргізеді. Қазіргі уақытта орталықта 51 бала оңалтудан өтуде. 2019 жылғы 1 қарашадан бастап 2021 жылғы 16 наурызға дейінгі кезеңде 152 кәмелетке толмаған бала әлеуметтік оңалтудан өтті, оның ішінде балалардың 75 пайызы туған отбасына қайтарылды.

Облыста отбасылық әл-ауқаттың алдын алу бойынша жұмыс отбасылық қарым-қатынас клубтарының жұмысы арқылы да жүргізіледі. 2021 жылғы 1 мамырдағы мәліметтер бойынша, өңірде 347 отбасылық қарым-қатынас клубы жұмыс істейтіні белгілі болды. Оларға орта есеппен 10 мыңнан астам ата-ана кірген. Білім басқармасы ай сайын ата-аналар дәрісханасына коучтер мен менторларды шақырып, балаларды тәрбиелеудегі өзекті мәселелер бойынша жиындар ұйымдастырады. Әр сенбі сайын қосымша «Ең бақытты ел» республикалық қоғамдық қоры 500 ата-ана үшін тренингтер өткізеді.

Оқушыларды тегін қосымша біліммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 53 қосымша білім беру ұйымдарының базасында 14246 оқушыны қамтитын 437 тегін үйірме бар. Қосымша мектеп базасында 47990 оқушыны қамтитын 4448 үйірме іске қосылған. Облыстағы бар оқушылар үйірмелер мен түрлі тәртіп секцияларымен қамтылған. Сондай-ақ, облыста қосымша балалар шығармашылық үйлерінде 1800 оқушыны қамтитын 14 аула клубы жұмыс жүргізуде. Мұндай үйірмелер Көкшетау қаласында 5, Есіл ауданында 7, ал, Бурабай мен Бұланды аудандарында бір-бір үйірме жұмыс істейді.

Ерекше білім беру қажет ететін балаларға да тиісінше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі мәліметтер бойынша, облыста туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі 10 365 ерекше білім берілуі қажет бала бар, оның ішінде 1501-інің мүгедек. Осы орайда, облыстың арнайы білім беру ұйымдарының желісі 4 арнайы мектеп-интернатпен, 1 арнайы «балабақша-мектеп-интернат» кешенімен, 4 ПМПК, 19-ППТК, 1- РО қамтылған.

2020 жылы аутизмі бар 25 баланы қолдау үшін арнайы жоба бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылды. Жобаны «Мен өзім қадам жасаймын» қоғамдық қоры 2020 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асырды. Білім басқармасы «Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарын әзірледі, оның шеңберінде 2025 жылға дейін инклюзивті білім беруді қолдаудың 103 ресурстық кабинетін ашу жоспарлануда. Осылайша Ақмола облысында балалардың құқықтарын қорғауды іске асыру ведомствоаралық, заңдық-педагогикалық тәсіл негізінде көп аспектілі түрде жүргізіледі, бұл елімізде өскелең ұрпақты қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айгүл НӨГЕРТАЕВА,
Ақмола облыстық білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие
жұмыстары бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар