Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 20 ақмолалық ынталандырылды

Соңғы үш жылда Ақмола облысының 20 тұрғыны сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін мемлекеттен 3 млн теңгеден астам қаражат алды.

Мәселен, 2019 жылы 8 тұлға жалпы сомасы 1 186 750 теңгеге, өткен жылы 1 550 440 теңге 9 тұлғаға, ал жыл басынан бері өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 423 650 теңгеге 3 ақмолалық көтермеленді. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу институтының әрекет ету кезеңінде жалпы сомасы 5,8 млн теңгеден астам 38 адам ынталандырылды. Негізінен азаматтар парақорлық фактілері туралы хабарлады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап кейбір түзетулер енгізілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды ынталандыру қағидаларына сәйкес, осындай фактілер туралы хабарлаған адамдар үшін біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын ынталандыру белгіленеді.

Пара немесе келтірілген залал сомасы Не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК – тен (2 917 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін құрайды. Егер жоғарыда көрсетілген сома 1000 АЕК – тен асса-сыйақы 10% – ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен аспайды (11 668 000 теңге).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдар үшін біржолғы ақшалай сыйақыдан бас тартылған жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі ынталандыру белгіленуі мүмкін.

Ынталандыру ұқсас жүйесі бірқатар шет елдерде табысты қолданылып келе жатқанын атап өту маңызды.

Сыбайлас жемқорлықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша ақпарат бергені не басқа да түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыруды арттыру шаралары халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетікке белсенді тартуға бағытталған.

Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Агенттіктің Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар