Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бөтен бала болмайды» - АРҚА АЖАРЫ

«Бөтен бала болмайды»

Ақмола облыстық орыс драма театры 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік акция өткізіп, балғындарды көркем қойылымы және қызықты ойындарымен шаттандырып, қуанышқа бөледі. Балалардың құрметіне ұйымдастырылған «Бөтен бала болмайды» атты іс-шараға облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысып, бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтады.

– Балалар – біздің өміріміздің мәні мен сәні. Олардың алаңсыз өмір сүріп, ешнәрседен қамықпауы – біздің басты мақсатымыз. Балалардың жүзіндегі күлкісі мен қуаныштан жайнаған көздері әлемнің ең үлкен байлығы десек, біздің балғындарымыздың барлығы бақытты болуға лайық, –дей келе басқарма басшысы театр алдына жиналған бүлдіршіндерге бар жақсы ізгі тілектерін жолдады.

Акцияның «Балалық балғын шақтың ғаламшары» бағдарламасы аясында алаңға жиналған балалар қызықты ойындар ойнап, түрлі тақырыптарда сурет салды. Бұдан әрі балалар ағаштан жасалған Буратиноның небір қызықты оқиғаларын тамашалап, ертегілер әлеміне саяхат жасады. «Буратиноның бастан кешкендері» спектаклінің қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Ольга Луцива, қоюшы суретшісі – Наталья Менщикова.

 

Өмір гүлі – балаларды қорғау күніне арналған жыл сайынғы осы дәстүрлі акцияны театр биыл сегізінші мәрте өткізуде екен. Акция соңында балаларға «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі атынан тегін балмұздақтар таратылды.Алаңсыз бала көңілдердің шынайы қуанғаны мен шаттанғанына не жетсін, шіркін.

Бала деген – лүпілдеген жүрегің,
Бала деген – ең бірінші тілегің.
Еш пенденің жылатуға хақы жоқ,
Әлемдегі балалардың біреуін,

–деп торғайлық ақын Саят Әбенов жырлағанындай, әр бала бақытты болуға лайықты.
Осы күні «Көкшетау» мәдениет сарайының алдында да Балаларды қорғау күніне арналған «Полянка» би ансамблінің шағын концерті болып өтті.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар