Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі күннің басты мәселелері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі күннің басты мәселелері қаралды

Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде орман өртінің алдын алу мен болдырмау, суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қаралып, өткен жылу беру маусымының қорытындылары шығарылды және жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Мәжілісте алғашқы мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Руслан Әубәкіровтың есептері тыңдалды. Өткен жылы 7 орман өрті болса, биылғы жылы әлден 33 орман алқабын тілсіз жау жалмаған. Облыста орман және дала өртінің алдын алу жұмыстарына 3,2 миллион теңге қаржы қарастырылыпты.

Сонымен бірге, әкімдік мәжілісінде қаралған жылу беру мәселесі  бойынша облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко есеп берді. Аймақ басшысы оған өңірде осы орайда жүргізіліп қолға алынған бірқатар жобалардың сапасыз іске асырылып, уақытында аяқталмайтындығына бірқатар сын-пікірлер айтып, қазандықтардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына бөлініп жатқан қыруар қаржыны тиімді пайдалануды тапсырды. Әрі аудан басшысымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, жыл сайын кейінге шегеріліп жатқан жылыту қазандықтарының құрылысын тездетіп аяқтауды міндеттеді.

Мәжілісте қаралған осы және басқа да өзекті мәселелер жайында «Арқа ажары» газетінің алдағы 5 маусым, сенбі күнгі санында оқи аласыздар.

Ы.ШАМШИЕВА.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар