Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қорғалжының туристік әлеуеті зор - АРҚА АЖАРЫ

Қорғалжының туристік әлеуеті зор

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қорғалжын ауданында «Қорғалжынға келуге 21 себеп» атты FRIENDS-туры өткізілді.

Өңірдің бай табиғи-мәдени мұрасына жұртшылықтың назарын аудару арқылы ішкі туризмді танымал ету және дамыту мақсатындағы шара барысында әр түрлі қаладан қоғамдық пікір көшбасшылары мен орнитологтар келді.

Қонақтар 30 адамға арналған бөлмелі, асхана, жылыжайы бар қонақ үйге орналастырылды.

Меймандар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан UNESCO әлемдік табиғи мұрасының бір бөлігі, IBA негізгі орнитологиялық аумағы саналатын, ҚР аумағындағы 511 құстың 300-ден астам түрі мекендейтін өңірге саяхат жасады.

Қорғалжын десе көп адамның ойына алдымен қорық пен оны мекендейтін қоқиқаздың келетіні рас. Себебі аталған мекен Қазақстан аумағында ғана емес, алыс-жақын шетелде де кеңінен таныс. Бұл өңірге әсіресе шетелдіктер келуге ынталы.

Тур барысында қоғам қайраткері, еліміздің Дельфийлік қозғалысының көшбасшысы, Қорғалжын экологиялық обсерваториясының негізін қалаушы Құралай Түспекова достарына осы таңғажайып өлкеге барудың 21 себебін айтып берді.

«Пандемияға дейін Қорғалжынға жылына 5 мың шетелдік турист келетін. Жылдың мамыр мен қыркүйек айының аралығы туристік маусым болып табылады. Екіншіден, сырттан келетін туристерді жергілікті халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық тағамы қызықтырады. Сол үшін де біз дайындалып, ұлттық ерекшеліктерімізді, қазақилығымызды барынша жоғары деңгейде көрсетуге тырысамыз», — деді Құралай Түспекова.

Қонақжайлық танытқан қорғалжындықтарға қоғамдық пікір көшбасшылары мен орнитологтар ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар